23 қараша, Сенбі

Қазақстандық спортшы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық Михаил Литвин Неапольда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында күміс медальға ие болды,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Михаил Литвин 400 метрге жарысқан желаяқтар арасынан мәреге екінші болып келді. Қазақстандық жеңіл атлет аталған қашықтықты 45.77 секундта жүгіріп өтті. Алтын медаль мексикалық Валенте Мендосаға (45.53) бұйырса, қоланы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Гардел Эдвард Исакс (45.89) иеленді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими және стенд атушы Зоя Кравченко мен жеңіл атлет Михаил Литвин күміс еншіледі. Стенд атудан қола жүлдені Сәрсенкүл Рысбекова иеленген.

Бөлісу

.