19 қыркүйек, Бейсенбі

Универсиада – 2019: Ел қоржынына алтыншы медаль түсті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан Жазғы универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтыншы жүлде түсті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық желаяқ Михаил Литвин 400 метрлік қашықтыққа жүгіруде мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Алтын мексикалық Валенте Мендосқа бұйырса, үздік үштікті Оңтүстік Африкадан келген Гардео Исакс түйіндеді. 

Бұған дейін Универсиада ойындарында ел қоржынына бес жүлде түскен. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай алтыннна алқа тағынса, гимнастикадан Нариман Курбанов пен Милад Карими, стенд атудан Зоя Кравченко күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ  күміс, стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова үздік үштіктен көрінді.

Бөлісу

.