23 қараша, Сенбі

ММА-дан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы аралас жекпе-жек турниріне ММА еліміздің барлық өңірлерінен 85 жас спортшы қатысып, спортшылар ерлер арасында 9 салмақ дәрежесінде, қыздар арасында 7 салмақ дәрежесінде сынға түсті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылғандар: Динара Аяпова (52,2 кг, Ақтөбе облысы), Нұрбол Базарбаев (52,2 кг, Маңғыстау облысы), Адель Махаметова (56,7 кг, ШҚО), Ерасыл Телеубаев (56,7 кг, ШҚО), Сисенова Карина (61,2 кг, Ақмола облысы), Данияр Құлбай (61.2 кг, Нұр-сұлтан), Меруерт Серікқалиева (65,8 кг, Атырау облысы), Данияр Әжімқұлов (65,8 кг, Атырау облысы), Темірлан Халидолла (70,3 кг, ШҚО), Әмірхан Ментаев (77,1 кг, Нұр-сұлтан), Данил Губин (83,9 кг, Ақтөбе облысы), Иса Каримов (93 кг, Ақтөбе облысы), Диас Тілеміс (120,2 кг, Ақтөбе облысы).

— Жасөспірімдер чемпионатының басты мақсаты, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына жас спортшыларды қабылдау үшін осы чепмпионат жеімпаздары ішінен мықты спортшыларды анықтау болды, — дейді қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясының бас директоры ММА Валихан Тен. -Дәл осы жігіттер бір жылдан кейін біздің елімізді түрлі халықаралық жарыстарда таныстыратын болады. Келесі жылы Италияда өтетін ММА-дан Әлем чемпионатында дәл осы спортшылардың арасынан Әлем чемпионы шықпайтынына кім кепіл,- деп сөзін аяқтады.

Осы чемпионат аясында 14 жасқа дейінгі балалардың ММА аралас жекпе-жекке қатысу ережелеріне бірыңғай өзгерістер енгендігі туралы конференция өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан Біріккен ММА федерациясы мен Nomad MMA Республикалық Федерациясының өкілдері, біріккен Федерацияның Бас директоры Валихан Тен, Біріккен ММА федерациясының вице – президенті, Nomad MMA Республикалық Федерациясының Президенті Гаджи Гаджиев, сондай – ақ, Біріккен ММА федерациясының вице-президенті, NOMAD MMA стилінің негізін қалаушы Сергей Ан қатысты.

Баспасөз конференциясының қатысушылары жаттығу процестері мен 14 жасқа дейінгі балалардың аралас жекпе-жектен жарыстарға қатысуы енді Nomad MMA ережелеріне сәйкес жүргізілетінін хабарлады. Валихан Теннің айтуынша бұл ереже жас балалар мен жасөспірімдердің жарақаттануын барынша азайтуға қамқорлық жасайды. Ережеге сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер NOMAD MMAға сәйкес күнтізбелік жоспар мен ережелер бойынша ғана аралас жекпе-жектерде жаттығып, өнер көрсете алады, тордағы ұрысқа рұқсат үзілді-кесілді тыйым салынады. 14 жасқа толған және одан үлкен жастағы спортшылар жаттықтырушыларының қалауы бойынша ММА ережелері бойынша да, Nomad MMA ережелері бойынша да жарыстарға қатысып, жаттығуларына болады.

Бөлісу

.