19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақ таеквондошылары Кореядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ таеквондошылары Нұрлан Мырзабаев пен Руслан Жапаров Кореяда өткен халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Нұрлан Мырзабаев пен Руслан Жапаров Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында таеквондодан «Korea Open» турнирінде сынға түсіп, жүлделі орынға ие болды. 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлан Мырзабаев пен +87 келіде бақ сынаған Руслан Жапаров финалда сүрінді. Мырзабаев соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілінен ұтылды. Жапаровты да алтыннан қаққан Оңтүстік Кореялық таеквондошы ұтты.

Айта кетейік, Руслан Жапаров маусымда Римде өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдегер атанған болатын.

Бөлісу

.