19 қыркүйек, Бейсенбі

Қарсыласын 10 секундта сұлатқан Қанат Ислам әлемдік рейтингте жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Екі жылдық үзілістен соң шаршы алаңға оралған қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам әлемдік рейтингте жоғарылады, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21КО) BoxRec.com порталының әлемдік рейтингіне қайта енді. Кәсіпқой бокстағы 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін Қанат Ислам супер орта салмақта 88.69 ұпаймен 1561 кәсіпқой боксшы арасында 35- орынға жайғасты. Сондай-ақ, ол өз салмағында қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында көш бастап тұр.

Еске салайық, 34 жастағы қазақстандық боксшы 5 шілде Алматы қаласында екі жылға жуық ұзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралды. Отандасымыз  доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты (27-2, 24КО) 10 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Бөлісу

.