19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақ балуаны Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жас балуанымыз Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Асаухат Мухамадиев жастар арасында Тайландтта өтіп жатқан Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. 63 келі салмақта белдескен балуанымыз ақтық айқасқа ирандық Сайд Аламдармен белдесіп, 2:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Асаухат Қазақстан құрамасына Азия чемпионатындағы алғашқы алтынды қоржынға салды.

Айта кетейік, одан бөлек  87 келідегі Мейірбек Қордабай  Азия чемпионатының алтынына таласып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Бөлісу

.