19 қыркүйек, Бейсенбі

Бокстан Президент Кубогына 13 елдің спортшылары қатысады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елордада өтетін бокстан VII Халықаралық ҚР Президенті Кубогында 13 елдің спортшылары бақ сынайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

16 шілде күні бастауын алатын турнир төрт күнге созылады. Әлемнің 13 мемлекетінен келген 123 ер және 33 әйел боксшылар жүлдеге таласады.  Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің боксшылары жұдырықтаспақ. 

Президент Кубок сегіз салмақта өтеді. Алтын жүлдені алған спортшылар 2 мың, екінші орын 1 мың, ал қола жүлдегерлер 500 АҚШ доллар сыйақыдан алады.

Бөлісу

.