26 тамыз, Дүйсенбі

Қазақ қызы шахматтан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +
Әсел Серікбай  Индонезияның Соло қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан Азия чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Индонезияның Соло қаласында өткен дүбірлі додада отандасымыз үздік шығып, жарыс жеңімпазы атанды.  Әсел Серікбай классикалық шахматтан құрлықтық чемпионатта сынға түсіп, қарсыласынан басым түсті. Отандасымыздың сары құрлықтың 9 елінен келген 36 шахматшыны шаң қаптырып кетті.

Сонымен қатар, Әсел Серікбай турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер атағын алды.

Бөлісу

.