16 қазан, Сәрсенбі

Еркебұлан Сейдахмет «Широки Бриегке» қарсы ойында алаңға шықпайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» командасының Еуропа лигасы іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчына қатыспайды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Алматылық клубтың ойыншылары мен бапкерлер алқасы Еуропа лигасы іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойнын өткізу үшін Боснияның Мостар қаласына ұшты. Команда сол қалада «Широки Бриегке» қарсы матчқа дайындалады. Команда сапына жаңадан қосылған Еркебұлан Сейдахмет бұл ойынға қатыспайды.

Боснияға аттанған «Қайрат» ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Данил Устименко;

Қорғаушылар: Дино Миканович, Сергей Кейлер, Раде Дугалич, Сергей Политевич, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев;

Жартылай қорғаушылар: Айбол Әбікен, Исламбек Қуат, Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Конрад Вржещиньский, Еркебұлан Тұңғышбаев, Небойша Косович, Сұлтанбек Астанов, Бауыржан Исламхан;

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев, Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель.

Айта кетейік, «Широки Бриег» — «Қайрат» матчы 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні елорда уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Бөлісу

.