19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақ боксшылары Германиядағы халықаралық турнирде топ жарды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Боксшыларымыз Германияда жастар арасында өткен Brundenburg-Cup 2019 халықаралық турнирі аяқталды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық боксшылар Германияда өткен турнирде үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль әкелді. Чемпион атанғандар: Жексен Бейбарыс (56 келі), Аширхан Айтжан (60 келі) және Тоғамбай Сағындық (91 келі). Екінші орын 52 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетовке бұйырды. Турнирдің қола жүлдегерлері: Базарбайұлы М. (49 кг), Дүйсебай Д. (64 кг), Мақсұт Қ. (81 кг) және Сабырғали А. (+91 кг).  Біріншілік үшін 21 елдің өкілдері күш сынасты.Олардың арасында Ресей, Украина, Франция, Германия, Дания, Румыния, Польша, Уэльс, Аргентина және басқа да Еуропа елдерінің боксшылары болды.

Айта кетейік, Әшірхан Айтжан турнирдің үздік боксшысы атанды.

Бөлісу

.