19 қыркүйек, Бейсенбі

Қуат Хамитов: Дамир Зубайраны ұпай санымен жеңер еді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитов Дамир Исмағұлов пен Зубайра Тухугов арасындағы жекпе-жек туралы өз ойымен Qsport.kz порталына бөлісті.

Қуат «Найман» Хамитов Дамир Исмағұлов пен Зубайра Тухугов арасындағы жекпе-жек болған жағдайда кімнің жеңіске жететінін айтты. Ол өз сөзінде: «Шыны керек, Дамир мен Зубайра арасындағы болатын жекпе-жек туралы естігенде ерекше қызығушылық таныттым. Екеуі де мықты спортшы болғандықтан тамаша жекпе-жек болар еді.  Зубайра допингпен ұсталғаннан кейін екі жыл октагонға шықпаса, Дамир үш ай сайын жекпе-жек өткізіп жүр. Сондықтан бұл кездесуде Дамир бауырымыз ұпай санымен жеңіске жететін еді деп ойлағам. Өкінішке қарай, жекпе-жек болмайтынын естідік. Болашақта өзім Зубайрадан UFC тұжырымында реванш аламын», – деді Қуат.

Еске сала кетейік, Дамир Смағұлов ресейлік Тухуговты 30 маусым күні жекпе-жекке шақырған болатын. Бірақ Зубайра Тухугов  UFC 242 турнирінде қандасымыз Дамир Исмағұловпен жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Бөлісу

.