23 қараша, Сенбі

Қазақстандық спортшы қырғызстандық қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Ерасыл Шукатаев Қырғызстан елінде өткен турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ерасыл Шукатаев аралас жекпе-жектен Қырғызстан елінде өткен турнирде қарсыласынан басым түсті. WEF тұжырымында сынға түскен отандасымыз жергілікті қырғыз спортшысы Нурсатилла Алманбетпен жұдырықтасып, бірінші раундта үшбұрыш әдісімен жеңіске жетті. Осылайша, Ерасыл WEF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып, чемпиондық белбеуге ие болды.

Айта кетейік, Ерасыл Шукатаев еліміздегі аралас жекпе-жектен белгілі бапкер Алмас Алиазаковтың қол астында жаттығады.

Бөлісу

.