19 қыркүйек, Бейсенбі

Садриддин Ахмедов әлемнің ең үздік 50 боксшысының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов әлемнің ең үздік 50 боксшысының қатарында, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин «Қазақ сарбазы»  Ахмедов әлемдік IBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде 5 сатыға көтеріліп, 42-орынға жайғасқан. Осылайша, отандасымыз IBO тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 50 боксшысының қатарына қосылды.

Айта кетейік, Садриддин Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бұл Ахмедовтың шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісі болды. 

Бөлісу

.