23 қараша, Сенбі

WBO Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров жеңісімен құттықтады

0

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық былғары қолғап шеберлері Жанқош Тұраров (24-0, 17 KO) пен Қанат Исламды (26-0, 21 KO) чемпиондық белбеуді жеңіп алуымен құттықтады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қанат Ислам 5 шілде күні Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Хулио де Хесусты 14 секундта сұлатып, орта салмақтағы WBO International белбеуін иемденді. Осылайша, «Қазақ» екі жылдық үзілістен соң үлкен спортқа жеңіспен оралды.

 

Ал Жанқош Тұраров болса бір күн өткенде Нұр-Сұлтан қаласында жекпе-жек өткізді. Кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз бірінші раундтан бастап қарсыласын соққының астына алып, үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында Жанқош Тұраров орта салмақтағы WBO  Intercontinental белбеуін иемденді.

 

Бөлісу

.