18 шілде, Бейсенбі

Универсиада-2019: Ғалымжан Қырықбай ел қоржынына алғашқы алтынды салды

0

Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстанның қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Ғалымжан Қырықбай қазақ дзюдошыларының ішінде Универсиаданың алтынын алған алғашқы спортшы. Алғашқы кездесуінде түрікмен дзюдошысы Ибрагим Союновты, екінші айналымда неміс спортшысы Бенжамин Боюзгарнды ұтты. 

Ширек финалдық белдесуде өзбекстандық Давлат Бобоновтан басым болды. Ал финалдың жолдамасы үшін өткен айқаста қырғыз балуаны Ерлан Шеров ұтып кетті. Ақтық белдесуде Ғалымжан Қырықбай франциялық дзюдошы Хадриен Ливольсиден айласын асырып, алтыннан алқа тақты.

Бұған дейін Универсиада ойындарында дзюдодан финалға Төребеков Бақытжан  шыққан болатын. 2009 жылы Сербия елінде өткен байрақты бәсекеде балуанымыз 60 келіде финалға дейін жетіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді.

Арада он жыл өткенде Ғалымжан Қырықбай Универсиада ойындарында дзюдодан бірінші алтынды ел қоржынына салып, тариxқа атын алтын әріптермен жазды.

Бөлісу

.