18 шілде, Бейсенбі

Жанқош Тұраров WBO тұжырымының белбеуін жеңіп алды

0

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аргентиналық Мауро Годоймен жұдырықтасты, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Екі жылдық үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралған отандасымыз әлі бабында екенін дәлелді. Бірінш раундтан бастап қарсыласын соққының астына алған ол үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында Жанқош Тұраров орта салмақтағы WBO  Intercontinental белбеуін иемденді.

Сондай-ақ бұл кеште өзге қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. Атап айтқанда Сұлтан Зәуірбек Грузиядан келген Георгий Гачечеладзені жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Әли Балоев бразилиялық Хэмилтон Вентураны алтын раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен ұтты.

Ал «Қазақ королі» деген лақап атпен танымал Виктор Коточигов мексикалық Хайро Лопестен басым болып, жеңіл салмақта бос болған WBC International белбеуін иемденді.

Бөлісу

.