23 қараша, Сенбі

Сұлтан Зәуірбек грузиялық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (7-0, 5 КО) Нұр-Сұлтан қаласында өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Грузиялық бокшы Гиорги Гачечиладзеге (11-33-1, 5 КО) қарсылас атанған отандасымыз жекпе-жекті жетінші раундта аяқтады. Сұлтан Зәуірбек жекпе-жек аяқталуға бір раунд қалғанда қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой мансабында сегіз жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Бөлісу

.