5 сәуір, Жексенбі

Илья Ильин бастаған ауыр атлеттеріміз Токиодағы жарысқа қатысады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Илья Ильин бастаған қазақстандық ауыр атлеттер Жапония астанасы Токиода өтетін халықаралық турнирге қатысады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Аталмыш жарыста ел намысын үш атлет қорғайды. Илья Ильин бұл турнирде өзі үшін жаңа 109  келі салмақта бақ сынайтын болса, дәл осы салмақта Ибрагим Берсанов та жүлдеге таласып көреді. Қыздар арасында 87 келіде Лариса Кобелева аталмыш турнирге қатысады.

Айта кетейік, Илья Ильин Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жүлдесіз қалған болатын. 96 келі салмақта сынға түскен отандасымыз қоссайыс нәтижесі бойынша 345 келі көтеріп, жүлделі орынға іліне алмады. 

Бөлісу

.