19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақ боксшысы Аустралияда белбеуін қорғайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4КО) Аустралияның Сидней қаласында чемпиондық белбеулерін қорғайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бірінші орта салмақта WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Нұрсұлтан Жаңабаев 14 тамыз күні Сиднейде жергілікті боксшы Стив Гагомен жұдырықтасады. 30 жастағы боксшы бұған дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті.

Аталмыш кеште  WBO Global, WBC Asia WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Отандасымыз соңғы жекпе-жегінде Лукас Ндафолумен (16-2, 6 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын. Қазір Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша өз салмағында әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жаңабаев Алматыда өткен бос кешінде венесуэлалық қарсыласы Иван Матутені нокаутпен жеңген еді.

Бөлісу

.