7 тамыз, Жұма

Әйелдер күресінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

4-7 шілде күндері елордада күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Байрақты бәсекеде Азия құрлығының 19 мемлекетінен 308 спортшы бақ сынайды. Нақтылап айтар болсақ, Қытай, Үндістан, Иран, Ирак, Жапония, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Сингапур, Солтүстік Корея, Сирия, Тайвань, Тәжікстан, Тайланд, Түркменстан және Өзбекстан елдерінің балуандары жүлдені сарапқа салады.

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан әйелдер құрамасы мынадай:

40 келі: Балжан Шәкір

43 келі: Марал Тәңірбергенова

46 келі: Лаура Ғаниқызы

49 келі: Зейнет Баянова

53 келі: Алтын Шағаева

57 келі: Татьяна Мальцева

61 келі: Жібекжан Сабыржанова

65 келі: Анастасия Панасович

69 келі: Ділназ Мулкинова

73 келі: Аяжан Сәду 

Бұған дейін ерлер арасында еркін және грек-рим күресінен бақ сынайтын балуандарымыздың есімі белгілі болған еді.

Бөлісу

.