19 қыркүйек, Бейсенбі

Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионын жекпе-жекке шақырды

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырды, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы. 

Күні кеше америкалық былғары қолғап шебері Деметриус Андраде поляк бокшысы Мацей Сулецкиді жеңіп, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған болатын.ъ

«Менің салмағымның чемпионы Дмитриусты жекпе-жекке шақырып, кім мықтыны анықтайық дедім. Өзі де мықтымен жұдырықтасуға жаны құмар жігіт. Өз белбеуімді осының әлем чемпионы белбеуіне ауыстыратын уақыт келді! Күтуге уақыт жоқ. Мен әлі бұйыртса 4 салмақта әлем чемпионы болуым керек!», — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы кезекті кездесуіне дайындығын пысықтау үшін АҚШ еліне келген болатын. Әзірге нақты отандасымыздың нақты қашан жекпе-жек өткізетіні белісіз, бірақ тамыз айында өткізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Головкиннің салмағында жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы WBС тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарына қосылған болатын. Ал оның алдында WBО рейтингінде ТОП-15-ке енген еді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде  мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын. 

Бөлісу

.