26 тамыз, Дүйсенбі

Жәнібек Әлімханұлы Арыстағы ағайындарға қаржылай көмек көрсетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) Арыстағы ағайындарға қаржысының жартысын аударады, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы. 

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы Арыс қаласында болған жағдайға байланысты қаржылай көмек көрсететінін айтты.

– Арыстағы жағдайды естіп, көріп жатырмыз. Бізде таң енді атты. Бейбіт күнде қаншама адам қайғырып, үйсіз қалды. Тас түскен жеріне ауыр. Алла сабыр берсін дейміз. Елдегілер арыстықтарға барынша қол ұшын созып, жәрдем беріп жатқанынан да хабардармыз. Біз жеңіске жеткенде қуанатын халық қайғырғанда тыныш жату бізге сын. Бір жыртыққа жамау болайық деп табысымыздың бір бөлігін Арыстағы ағайынға аудардық. Ел аман болсын. Жоғалған балалар ата-анасымен қауышып, қайғы арты жақсылық болғай!», – деп жазды өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Головкиннің салмағында жұдырықтасатын отандасымыз WBС тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарына қосылған болатын. Ал оның алдында WBО рейтингінде ТОП-15-ке енген еді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде  мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.

Бөлісу

.