24 қыркүйек, Сейсенбі

Қазақ боксшылары Аустралияда чемпиондық белбеулерін қорғайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев Аустралияның Сидней қаласында чемпиондық белбеулерін қорғайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Олардың жекпе-жегі 14 тамызға жоспарланып отыр. WBO Global, WBC Asia WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегінде Лукас Ндафолумен (16-2, 6 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын. Қазір Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша өз салмағында әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында,

Ал Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4КО) Алматыда өткен бос кешінде венесуэлалық қарсыласы — Иван Матутені нокаутпен жеңген. Қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері. Нұрсұлтан Жаңабаев бұл жеңісінен соң WBA рейтингінде бес сатыға жоғарылап, өз салмағында үздік 10 боксшының қатарына енді.

Бөлісу

.