19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақстандық спортшы UFC-ден ұсыныс алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді тұжырым UFC-ден ұсыныс түскенін растады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

М-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы Шавкат Рахмонов (11-0) UFC-ден ұсыныс түскенін айтып, уақытша бұл ұсынысты қарастырмайтынын жеткізді. Өйткені қазақстандық спортшы М-1 Global чемпиондық белбеуін кем дегенде бір мәрте қорғап, артынша әлемнің ең беделді тұжырымына ауысуды жоспарлап отыр. 

Бұған дейін Аралас жекпе-жек қауымдастықтары одағының вице-президенті Асылбек Дүйсенов те Шавкат Рахмоновқа UFC-ден ұсыныс түскенін айтқан болатын. Ол өз сөзінде: — UFС-ге аз қалды. Жуырда ғана Шавкатқа UFC-де 4 жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түсті. Алғашқы айқасы 20 сәуір күні Санкт-Петербургте жоспарланған. Алайда Шавкат Рахмонов M-1 Global лигасының чемпиондық белбеуі үшін бұл ұсыныстан бас тартты. Белбеуге бір қадам жерде қайтқанымыз дұрыс болмас деп шештік, — деген болатын.

Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын Астанада өтетін турнирде қорғайтын болады.  28 маусым күні өтетін кезекті M-1 Challenge турнирінің басты жекпе-жегінде сынға түсіп, алғаш рет чемпиондық атағын қорғайтын болады. Отандасымыздың қарсыласы әлі белгісіз. 77 келі салмақта жұдырықтасатын Шавкат осы жекпе-жектен кейін UFC тұжырымымен келісімшартқа отыруы мүмкін,

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов  M-1 Challenge 101 турнирінде ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) жұдырықтасып, M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. 

Бөлісу

.