19 қыркүйек, Бейсенбі

Сағадат Рақманқұл Мексикада нокаутпен жеңіске жетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Сағадат Рақманқұл (5-1, 3КО) Мексиканың Тиxуана қаласында жеңіске жетті, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

6 раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Отандасымыз 29 жастағы Даниэль Армандоны нокаутқа түсірді. Бұл Сағадаттың кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі.

Айта кетейік, Сағадат Рақманқұл осының алдындағы жекпе-жегін 16 наурыз күні Голливудта өткізіп, америкалық Брэндан Адамсты жеңген болатын.

Бөлісу

.