16 қазан, Сәрсенбі

Садриддин Ахмедов: Замандастарымның болашағына балта шабылмаса екен деймін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов еліміздегі өзгерістерге қатысты өз пікірін білдірді, – деп хабарлайдыQsport.kz порталы.

– Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Шет елде жүрсек те, еліміздегі келеңсіз жайттарға біздің де жүрегімізді қынжылтады. Ерім дейтін Ел болмаса, Елім дейтін Ер қайдан болсын демекші, әрқашан маған қолдау көрсетіп, ыстық ықыласы мен дұға-тілегін аямайтын xалқыммен бірге екенімді айтқым келеді. Құрметті, биліктегі ағалар наразы халықтың өзімен емес, соның себебімен күрессеңіздер деген өтінішіміз бар. 2019 жыл жастар жылы екенін ескеріп, замандастарымның болашағына балта шабылмаса екен деймін. Алла елімізді бәле-жала, көлденен келген кесапаттан сақтап, тәуелсіздігімізді қиямет дейін етуін тілеймін.
Айтпақшы, 29-маусымда қазағымның мерейін тағы да үстем, абыройын асқақ етуге барымды саламын. Әр қазақ менің жалғызым, аман болсын ҚАЗАҒЫМ!,— деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізіп, 7 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын. Ол соңғы жекпе-жегінде «Алматы арена» спорт кешенінде өткен бокс кешінде Джон «Yohanes Ruba» Рубамен (17-5-1, 9КО) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Бөлісу

.