19 тамыз, Дүйсенбі

Мадияр Әшкеев келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6 KO) келесі жекпе-жегін Қанат Исламның (25-0, 20 КО) анедркартында рингке шығады , — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бокс кешінде Әшкеев бірінші орта салмақтағы NBA белбеуі үшін жұдырықтасады. Кәсіпқой бокста алдағы жекпе-жек Мадияр үшін отанындағы алғашқы өнер көрсетуі болады. Бұл туралы боксшы өз Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

«Құрметті достар, менің кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегім 5-шілде күні Қазақстанда өтеді. Қазір сол кездесуге дайындық қызу өтуде. Бұйырса кездесуге екі апта қалғанда елге барып, дайындықты жалғастырамын. Бұл менің кәсіпқой бокстағы Қазақстанда өткелі жатқан бірінші кездесуім. Сондықтан да барлықтарыңызды қолдауға шақырамын. Рақмет.», — деді Мадияр.

Еске салайық, Әшкеев соңғы рет 23 мамыр АҚШ-та жұдырықтасып, жергілікті Сесил Маккаллуды (21-3, 8 КО) төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, жерлесіміз Солтүстік Американың бірінші орта салмақтағы NABF Junior белбеуін жеңіп алды.

Бөлісу

.