19 тамыз, Дүйсенбі

Головкиннің Роллсқа қарсы жекпе-жекте қанша табыс тапқаны белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 8 маусымда өткен канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жегі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Головкин жекпе-жек үшін 2 миллион доллар сыйақы алған. Одан бөлек жалпы табысы 15 миллионды құрады. Ал канадалық Стив Роллс бар болғаны 300 мың долларды қанағат тұтқан.

Еске салайық, жекпе-жек 8 маусым күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтті. Головкин қарсыласын 4-ші раундта ауыр нокаутқа жіберді.

Бөлісу

.