19 маусым, Сәрсенбі

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Байсейітов грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас жаттықтырушы болып тағайындалғанға дейін Бақтияр Бағашарұлы Қазақстан құрамасының аға бапкері болып жұмыс істеді.

Бақтияр Байсейітов 1998 жылғы әлем чемпионы. 1995 жылы ол дүниежүзілік біріншіліктің «күмісін» жеңіп алған. Республикалық және халықаралық турнирлердегі көптеген жеңістерінен бөлек Байсейітовтің Азия чемпионатынан алған екі алтын, екі қола және бір күміс медальдері бар. Сонымен бірге, спортшы Азия ойындарының бір алтынын жеңіп алған.

Естеріңізге сала кетейік, Джакартадағы Азиада ойындарында қазақстандық «классиктер» күміс және қола медальдарға ие болды, ал Қытайдағы Азия чемпионаттарынан біздің балуандар бір күміс және алты қола медальмен оралды.

Бөлісу

.