19 тамыз, Дүйсенбі

Боксшыларымыздың WBC рейтингіндегі жағдайы қалай?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBC) үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Әли Ахмедов күні кешегі жеңісінен соң 18-ші орыннан 19-ға көтерілді. Ал осы салмақтағы Айдос Ербосынұлы 32-ші сатыда қалды.

Орта салмақтағы Геннадий Головкин рейтингінің көшін бастап тұр. Мейірім Нұрсұлтанов болса бір сатыға төмендеп, 25-ші орынға тұрақтады. Жәнібек Әлімханұлы да екі орынға төмен сырғыды, қазір боксшымыз 28-ші сатыда тұр.

Бірінші орта салмақта қолғап түйістіретін Садриддин Ахмедов 31-ден 35-ші сатыға төмендеді. 

Жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев екі сатыға көтеріліп, өзінің салмағындағы үздік 20 боксшының қатарына енді.

Бөлісу

.