19 маусым, Сәрсенбі

Абылайхан Жүсіпов халықаралық турнирде алтыннан алқа тағынды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Атырау қаласында өткен халықаралық турнирде қарсылас шақ келтірмеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халық батырлары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовті еске алуға арналған жарыста Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы бақ сынады.

69 келі салмақта сынға түскен ұлттық құраманың мүшесі Абылайхан Жүсіпов жарыс жолында қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, алық батырлары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовті еске алуға  арналған халықаралық жарыс — Азиядағы ең ірі турнир. Ол AIBA күнтізбесіне (халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы), «А» санатына кіреді.

Бөлісу

.