19 тамыз, Дүйсенбі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Стив Роллсты нокаутқа түсіріп жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл – GGG-дың мансабындағы 39-шы жеңіс. Шоу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.  Жекпе-жектің Төртінші раундында Головкин жойқын соққылар жасап, америкалықты ауыр нокатуқа түсірді.

Бұған дейін Геннадий Головкиннің табысы 2 миллион доллар делінген, бірақ ESPN басылымы оның кездесуден кейін алатын табысы 15 миллион АҚШ долларына дейін жетеді деген еді

Айта кетейік, бұл Головкиннің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бөлісу

.