19 тамыз, Дүйсенбі

WBC чемпионы Головкин мен «Канело» арасында таңдау жасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарло мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Чарлоның айтуынша, «Канелоға» қарсы жекпе-жек қазақстандық Геннадий Головкиннен қызығырақ.

— «Канеломен» айқасқым келеді. Головкинге қарағанда, «Канеломен» жекпе-жек өткізгім келеді. Бұл тек уақытқа байланысты. Мен кілең мықтылардың ортасынд жүрмін. Ол әлемдегі орта салмақтың үздіктерінің бірі, бұл — шындық. Мен де әлемнің мықты боксшыларының бірімін. Сол себепті күндердің бір күні біздің жолымыз түйеседі, — деді Чарло.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО)8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде америкалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жек өткізеді.

Бөлісу

.