19 маусым, Сәрсенбі

Головкин — Роллс бокс кешінің андеркартында кімдер шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

DAZN қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) — Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркартында шығатын боксшылардың есімін жария етті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Кештің екінші басты жекпе-жегінде Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) мен Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) WBC International белбеуіне жұдырықтасады. 

Ал өзге жекпе-жектер төмендегідей:

Джонатан Арройо (3-0-1, 1 КО) — Джордан Моралес (3-7, 2 КО) (жартылай орта салмақ);

Бахтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) — Брайан Себальо (8-0, 4 КО) (жартылай орта салмақ);

Исраил Мадримов (2-0, 2 КО) — Норберто Гонсалес (23-12, 13 KO) (бірінші орта салмақ);

Чарльз Конуэлл (9-0, 7 КО) — Кортни Пеннингтон (12-3-3, 5 КО) (бірінші орта салмақ, USBA титулы үшін);

Никита Абабий (4-0, 4 KO) — TBA (орта салмақ).

Айта кетейік, бокс кеші 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді.

Бөлісу

.