19 маусым, Сәрсенбі

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында топ жарды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Карина Құзғанбаева жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайдыQsport.kz порталы.

Карина Құзғанбаева Суведе өтіп жатқан (Фиджи) жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында топ жарды. 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Каринаға ешкім тең келмеді. «Алтынды» 224 кг (98+126) нәтижесімен жеңіп алды. Сонымен қатар, Карина «кіші» алтын медаль жұлқа көтеруден және тағы біреуін серпе көтеруден иеленді.

Күміс жүлде кореялық Хен Чжу Чжанға бұйырды. Спортшы 221 кг (97+124) нәтиже көрсетті. Үшінші орынға ресейлік Екатерина Визгина табан тіреді. Бойжеткен 206 кг (93+113) нәтижесімен «қола» жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін чемпионаттың күміс медалін Артем Антропов қанжығаға байлаған болатын.

Бөлісу

.