19 маусым, Сәрсенбі

Бақтиер Зайнутдинов Бельгия мен Сан-Мариноға қарсы ойындарға қатыспайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Бельгия мен Сан-Марино құрамаларына қарсы ойындарға қатыса алмайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жақында ғана «Ростов» футбол клубының сапына ауысқан Бақтиер Зайнутдинов Бельгия мен Сан-Марино құрамаларына қарсы ойында алаңға шықпайды. Зайнутдинов Еуро-2020 іріктеу кезеңінің ойындарына дайындық барысында алған жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Азат Нұрғалиев пен Дмитрий Шомко жарақат алып қалған болатын. Бельгия мен Қазақстан арасындағы Еуро-2020 іріктеу матчы 8 маусымда Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.

Бөлісу

.