7 сәуір, Сейсенбі

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов ) жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Сувада (Фиджи) жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күні қазақстандық Артем Антропов медальмен марапатталды. 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол екінші орынды иеленді. «Күміс» оған 352 (155+197) келі нәтиже әкелді. Сондай-ақ Артем серпе көтеруде «кіші» күміс медальді жеңіп алды.

Жеңіске мысырлық Ашур Әли Ахмед ие болды. Қоссайыс жиынтығында ол 365 (165+200) килограммды көтерді. Қола жүлдені Ресейден келген Артур Бабаян иеленді — 346 (160+186) келі.

Бөлісу

.