19 қыркүйек, Бейсенбі

Ресми: Хабиб Нурмагомедов Дастин Порье Абу-Дабиде жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпиондық белбеуін иемденген Дастин Порье Абу-Дабиде жекпе-жекке шығады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінің басты кездесу Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье арасында өтеді. UFC-дің жеңіл салмағында чемпион атағы бар Хабиб Нурмагомедов (27-0) өз титулын Дастина Порьеге (25-5, 1 NC) қарсы жекпе-жекте қорғайды. Сондай-ақ 7 қыркүйек күнгі кешке Хабиб және Порьемен қатар, Майрбек Тайсумов, Зубайра Тухугов және Абубакар Нурмагомедов те қатысады.

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Конор Макгрегорға қарсы өткізіп, төртінші раундта жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен еді.

Бөлісу

.