Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) 8 маусым күні болатын жекпе-жегінің алдында ашық жаттығу өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс қолғап түйістіреді. Соған орай, отандасымыз Нью-Йоркте қаласында Джонатан Бэнкстың қол астында алғашқы ашық жаттығуын өткізді. Головкиннен бөлек Әли Ахмедов те (14-0, 10 КО) ашық жаттығу өткізіп, дайындығын көрсетті.