16 қазан, Сәрсенбі

Садриддин Ахмедов индонезиялық боксшымен қарымта жекпе-жек өткізгісі келеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов Джон Рубамен қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Ассалаумағалейкум баршаңызға. Естеріңізде болса 8-ші жекпе-жегімді индонезиялық қарсыласым Джон Рубамен өткізген болатынмын. Бұл жекпе-жек 10 раундқа созылды. Енді бұл спортшымен қарымт, яғни рематч өткізуім мүмкін және бұл жекпе-жекке бізде басқа жоспарлар, басқа тактикалар құрылады. Жекпе-жектің келісемін екі жақтың промоутерлері қарастыруда. Ал сіздер екінші жекпе-жекті басқа тактикада ерекше қызығырақ өткенін көргілеріңіз келе ме?, — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов әлемдік рейтингте көтерілді. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз BoxRec рейтингінде 80-орыннан 69-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізіп, 7 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын. Ол соңғы жекпе-жегінде «Алматы арена» спорт кешенінде өткен бокс кешінде Джон «Yohanes Ruba» Рубамен (17-5-1, 9КО) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Бөлісу

.