12 тамыз, Сәрсенбі

Семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын споршылар анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Семсерлесуден Азия чемпионатында сынға түсетін Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, –деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Маусымның 12-19 аралығында Жапония астанасы Токио қаласында семсерлесуден кезекті Азия чемпионаты өтеді. Құрлық додасынан қазақстандық нояндар да сынға түсіп, жүлдеге таласады. Азия чемпионатына сабля мен шпагадан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қатысады. Нақтылап айтар болсақ, төмендегі спортшылар Токио төрінде сынға түседі:

Шпага, ерлер: Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Иван Дерябин, Вадим Шарлаимов;

Шпага, әйелдер: Ульяна Балаганская, Әсел Әлібекова, Владислава Андреева, София Николайчук;

Сабля, ерлер: Илья Мокрецов, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы, Нұржан Кәрім;

Сабля, әйелдер: Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Татьяна Приходько, Айбике Хабибуллина.

Семсерлесуден Қазақстан командасының бас бапкері – Алексей Писцов.

Бөлісу

.