19 маусым, Сәрсенбі

Қанат Ислам Головкиннің салмағына ауысты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) салмақ категориясын ауыстырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қанат «Қазақ» Ислам енді орта дивизионда жұдырықтасатын болады. Бұл туралы боксшының өзі рингке оралуына байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
«Басқа салмаққа өту туралы шешім қабылдап, енді орта дивизионда жұдырықтасатын боламын. Ұзақ үзіліс болды, алайда, бұрынғыдан күштірек болып оралып отырмын», — деді Қанат.
Ислам 5 шілде Алматыда WBO Inter-Continental белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл бокс кешінің андеркартында тағы бір қазастандық — бірінші орта салмақта жеңілмеген боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) те рингке шығады.

Еске салайық, Қанат Ислам үшін ұзақ үзілістен кейінгі рингке оралу болады. Боксшы соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйегінде жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген.

Бөлісу

.