19 тамыз, Дүйсенбі

Қанат Ислам WBO Intercontinental белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

0

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам (25-0, 20 КО) екі жылдық үзілістен соң шаршы алаңға қайта оралады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

5 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам жұдырықтасады. Отандасымыз екі жылдық үзілістен соң орта салмақта бақ сынауды шешіпті. Қанат Ислам Алматы төрінде WBO Intercontinental чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA InterContinental белбеулерінің иегері болған Қанат Ислам жарақатына байланысты екі жылға жуық шаршы алаңға шықпады. Ол өткен жылы 23 маусым күні АҚШ-тың Атланта қаласында жекпе-жек өткізу керек болған. Алайда жаттығу барысында жарақат алып, шаршы алаңға шықпады. Ал соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (20-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу

.