16 қазан, Сәрсенбі

Садриддин Ахмедов әлемдік рейтингте жоғарылады

0

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов BoxRec рейтингінде жоғарылады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов әлемдік рейтингте көтерілді. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз BoxRec рейтингінде 80-орыннан 69-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізіп, 7 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын. Ол соңғы жекпе-жегінде «Алматы арена» спорт кешенінде өткен бокс кешінде Джон «Yohanes Ruba» Рубамен (17-5-1, 9КО) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Бөлісу

.