16 қазан, Сәрсенбі

Челси – Еуропа Лигасының жеңімпазы

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Челси» футбол командасы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен Еуропа лигасының ақтық ойыны өз мәресіне жетті. Олимпиадалық стадионға жиналған 70 мыңға жуық жанкүйер қызықты ойынды тамашалап, «Челси» командасының жеңісіне куә болды.  Бірінші кезеңде «Арсенал» басым болды. Артынша «Челси» ойын тізгінін қолға алған. Екінші кезең бастала салысымен көктер есеп ашты. Ойынның 49-минутында «Челси» шабуылшысы Оливье Жиру баспен гол соғып, командасын алға шығарды. 60-минутта  Педро Родригес есепті еселеді. 65-минутта «Арсенал» қақпасына пенальти белгіленген. Оны Эден Азар мүлткісіз орындады. Бұдан кейін «Арсенал» ойыншылары алға ұмтылды. Олардың қатарынан 69-минутта Алекс Айуоби есеп айырмасын қысқартқан. Десе де 72-минутта Эден Азар тағы бір гол соғып кетті. Осылайша «Челси» «Арсеналдан» 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, енді 2 маусым күні Испания астанасында Чемпиондар лигасының финалы өтеді. Ақтық сайыста Англияның тағы екі клубы «Ливерпуль» пен «Тоттенхэм» кездеседі.
Бөлісу

.