19 маусым, Сәрсенбі

Болат Тұрлыханов кубогы. Қос балуанымыз финалға жолдама алды

0

Бүгін Алматы қаласында бастауын алған грек-рим күресінен дәстүрлі Болат Тұрлыханов кубогының алғашқы жарыс күні аяқталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халықаралық турнирдің бірінші күні екі қазақ балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, 60 келіде сынға түскен Айдос Сұлтанғали мен 77 келіде Асхат Ділмұхамедов ертең алтын медаль үшін белдеседі.

Сондай-ақ ертең жарыс жолына Хорлан Жақанша (60 келі), Әділхан Сатаев, Данияр Қаленов (67 келі), Асхат Жаңбыров, Тамерлан Шадукаев (77 келі), Ерұлан Ысқақов (97 келі) және Мансұр Шадукаев (130 келі) шығады.

Бөлісу

.