19 маусым, Сәрсенбі

Данияр Елеусінов чилилік боксшымен қолғап түйістіреді

0

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) қарсыласы жекпе-жек күні ауысты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

25 мамыр күні  Оксон-Хиллде (Мэриленд штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын отандасымыз мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсомен қолғап түйістіруі қажет болатын. Алайда мексикалық спортшы комиссиядан өте алмай қалды. Енді оның орнына Данияр Елеусінов чилилік Луис Норамбуэнмен (3-1-1, 0 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланып отыр. Қос боксшы кездесу алдында салмақ өлшеуден өтті. Данияр Елеусіновтің салмағы 150,2 фунтты көрсетсе, оның қарсыласы 149,4 фунт болды.

27 жастағы мексикалық боксшы кәсіпқой рингтегі мансабында 43 жекпе-жек өткізген. Оның 30-нда жеңіске жетіп, 27 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Қалған 13 кездесуінде есе жіберген екен.

Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы 26 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де көрсетеді.

Бөлісу

.