19 тамыз, Дүйсенбі

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам (25-0, 20 КО) екі жылдық үзілістен соң шаршы алаңға қайта оралады,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл туралы Qazaq Promotions ресми мәлімдеді: «Қадірлі спорт сүйер жанкүйерлер! Сіздермен сүйіншілі жаңалығымды бөліскелі отырмыз! 5-ші шілде күні Алматыда Кәсіби бокстың нағыз мерекесі өтеді. Балуаншолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында қазақстандықтар боксшылардың дүниежүзі елдерінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізетін кәсіби бокс кеші өтеді. Кештің бас жекпе-жегін араға біраз уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралған әйгілі Қанат Ислам өткізеді!», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Ислам жарақатына байланысты екі жылға жуық шаршы алаңға шықпады. Ол  өткен жылы 23 маусым күні АҚШ-тың Атланта қаласында жекпе-жек өткізу керек болған. Алайда жаттығу барысында жарақат алып, шаршы алаңға шықпады. Ал соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (20-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Қанат Ислам: Президеніміз спорттың үлкен жанашыры екенін көрсетті

Бөлісу

.