3 маусым, Сәрсенбі

Семсерлесуден Әлем кубогінде сынға түсетін спортшылар анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Семсерлесуден Франция астанасы Парижде өтетін әлем кубогі кезеңінде бақ сынайтын спортшыларымыз белгілі болды, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

15-20 мамыр күндері Шпагашы ерлер арасында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан командасы да қатысады. Жекелеген сынға Қазақстан атынан Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Иван Дерябин, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Адайкин, Ерлік Сертай сынды спортшылар қатысады. Әзірге, шпагашылар жарқын жеңістерімен қуантар емес. Жыл басталғалы бері олар әлем кубогі кезеңдерінде жүлдеге іліккен жоқ. 

Айта кетейік, командалық турнирге қатысатын төрт спортшы жекелей сын аяқталған соң арнайы таңдап алынатынын естеріңізге саламыз. 

Бөлісу

.