25 Мамыр, Сенбі

Головкин екі бірдей рейтингідегі орнын сақтап қалды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин екі бірдей рейтингідегі орнын сақтап қалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Беделді ESPN телеарнасы жариялаған орта салмақтағы үздік боксшылардың рейтингінің көшін мексикалық Сауль «Канело» Альварес бастап тұр. Екінші орында қазақстандық Геннадий Головкин орналасқан. Үздік үштікті британиялық боксшы Билли Джо Сондерс түйіндеді.

Үздік 10 боксшы:

  1. Сауль Альварес (Мексика)
  2. Геннадий Головкин (Қазақстан)
  3. Билли Джо Сондерс (Ұлыбритания)
  4. Джермалл Чарло (АҚШ)
  5. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)
  6. Деметриус Эндрейд (АҚШ)
  7. Сергей Деревянченко (Украина)
  8. Роб Брант (АҚШ)
  9. Матвей Коробов (Ресей)
  10. Мацей Сулецки (Польша)

Ал британиялық WorldBoxingNews.net сайты түзген салмақ дәрежесінен тәуелсіз  рейтингіде Геннадий Головкин алтыншы орында қалды. Көшті Сауль Альварес бастап тұр. Екінші орынға украин боксшысы Василий Ломаченко жайғасты. Үздік үштіктің қатарында американдық Тренс Кроуфорд бар.

WBN нұсқасы бойынша үздік ондық:

  1. Сауль «Канело» Альварес
  2. Василий Ломаченко
  3. Теренс Кроуфорд
  4.  Александр Усик
  5. Мэнни Пакьяо
  6. Геннадий Головкин
  7. Наоя Иноуэ
  8. Эррол Спенс
  9. Майки Гарсия
  10.  Хуан Франсиско Эстрада.
Бөлісу

.